Daiyn

Бизнесіңіздің күнделікті міндеттеріне бағдарлама жасаймыз

Бағдарламаның алғашқы нұсқасын дайындап, Қазақстандағы бизнес иелері мен операциялық менеджерлерді әңгімеге шақырамыз.

Telegram-ға жазу

Telegram-ға жазыңыз: танысамыз және әңгіме туралы келісеміз. Дайындалудың қажеті жоқ.

Күнделікті жұмыста уақыт неге кетеді?

Санау, салыстыру, келісу, ары қарай беру. Мұндай қадамдар кез келген бизнесте бар.

Мысалы, қорды толықтыру

Әр тапсырыстың алдында тексеру керек: Қанша қалды? Тапсырыс беріліп қойған жоқ па? Ал тексеруді өткізіп алсақ ше? Бірде тауар жетпей қалады, бірде артығы қоймада жатады.

  1. Қор
    таусылып барады
  2. Тапсырыс
    көлемін анықтайды
  3. Тексеріп
    келіседі
  4. Жеткізушіге
    тапсырыс береді

Бұл қалай жұмыс істейтін болады

  • Барлық жұмыс бір бағдарламада: «қор таусылып барады» дегеннен жеткізушіге тапсырыс бергенге дейін.
  • Бірдеңені келісу керек болғанда, сандар да, кімнің не істеп қойғаны да бірден көрінеді.
  • Кейбір тексеруді бағдарлама өзі жүргізеді, ал қай шешімді адам қабылдайтынын өзіңіз белгілейсіз.

Жұмысыңыз қалай жүретінін айтып беріңіз

Сатып алумен шектелудің қажеті жоқ. Жақсы жұмыс істеп тұрған, өзгертудің қажеті жоқ тұстарды да білгіміз келеді.

Мен — Лаура, Daiyn-ның құрылтайшыларының бірімін. Қазір ең қиыны — бағдарлама жазу емес, адамдарға шынымен не қажет екенін түсіну.

Жұмысыңыздағы жақында болған бір жағдай туралы сөйлесеміз: бәрі қалай өтті, не көмектесті, не қиын болды.

Қызықты болса, Daiyn концепциясын талқылаймыз: сізге не сәйкес келеді, не сәйкес келмейді.

Telegram-ға жазу

Бізге хабарласыңыз, қолайлы уақытта сөйлесейік. Міндеттемесіз, жай ғана танысу әңгімесі. Компания мен қызметкерлердің атын атаудың қажеті жоқ.

Әңгімеге дайын емессіз бе? Threads-те жазылыңыз: жұмыс қалай жүріп жатқанын сонда көрсетеміз.

Қысқа жауаптар

Бізде есеп бағдарламасы бар. Сөйлесудің мәні бар ма?

Иә. Онда қандай жұмысты жасап жүргеніңізді және нені басқаша істеу ыңғайлы болатынын түсінгіміз келеді. Бәрі жақсы жұмыс істеп, өзгерту қажет болмаса, бұл туралы да естігіміз келеді.

Кездесуде не болады?

Жұмысыңыздағы жақында болған бір жағдайды талқылаймыз. Қызықты болса, Daiyn концепциясы туралы да сөйлесеміз: сіздің жағдайыңызға не сәйкес келеді, не келмейді.

Менің жағдайым сәйкес келе ме?

Егер жұмысыңызға бірнеше адам қатысса және жақында үйреншікті құралдар (кестелер, чаттар, есеп бағдарламасы) жетпей қалған жағдай болса, оны әсіресе естігіміз келеді.

Кездесуде демонстрация болады ма?

Алдымен сізде жұмыс қалай ұйымдастырылғаны туралы сөйлесеміз. Қызықты болса, Daiyn концепциясын талқылаймыз.

Daiyn-ды қазір қолдануға бола ма?

Әзірге жоқ, өнім әзірленіп жатыр.

Daiyn жаңалықтарын бақылағыңыз келе ме?

Threads-ке өнім бойынша жұмыс қалай жүріп жатқанымен бөлісеміз.

Threads-те жазылу